Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Жиырма алты жыл ішінде елдің әл әуқатын көтеріп , төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде,білім, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – бізің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекет жете бермейтін жетістігі.Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма алты жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды.

Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Айтулы тақырыпқа орай аудандық орталық балалар кітапханасы 16 желтоқсанҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты әдеби сазды кеш өткізді. Кеште Ы. Алтынсарин және Б.Қолдасбаев орта мектептерінің 3,4 сынып окушылары ат салысты. Оқушылар мерекеге арнап тақпақтарын нақышына келтіріп жатқа оқыса, ауданмыныздың намысын қорғап Республикалық конкурстан қабыз тартып 1 орын иеленип келген Қайратқызы Юран жеңіс әкелген күйін тартып көрермендердін ықыласына бөленді. Кешіміздің тағы өнерімен тамсандарған Қанатбек Мунира ән шырқаса, Қойшығарина Дильназ домбырамен күй тартылды. Сонымен қатар тәуелсіздік мерекесіне арналған бейне баян көрсетіліп, «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты кітап көрмесі жасақталып оқушыларға таныстырылып,шолу жасалды. Кешіміздің мақсаты: : оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге , еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу болатын.

Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегіміз қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Біз қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқанымаызға бақыттымыз. Өйткені, біз Тәуелсізбіз, тәуелсіз елдің патриотымыз!

Зарина Мусабаева

Қостанай облысы,Аманкелді ауданы

Аудандық орталық балалар

кітапханасының меңгерушісі