16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіресін» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешіміздің мақсаты 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбилеу.