Үрпек ауылдық округінде тәуелсіздік мерекесіне арналған "Тәуелсіздік -ел бақыты, ертеңім» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жаңа ауыл орта мектебінде «Жас ұлан» оқушылар ұйымы 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде ұйымға қабылдады.

Ауыл клубына тәуелсіздік мерекесіне арналған мерекелік кеш өтті. Салтанатты жиын әнұранмен басталып, ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлығұлұлы ауыл халқын мерекемен құттықтады. Шаруа қожалығы иелеріне және аурухана, мектеп мұғалімдеріне алғыс хат табыстады. Ауыл кітапханашысы «Арайлап атқан азат күн» атты бірнеше бөлімнен тұратын кітап көрмесін жасады. Өнер үйірме жетекшілері Байкенов Жанкелді, Жетпсібаева Жұмагүлсім, Әбілбаева Нұргүлдің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.

Үрпек ауылық округінің кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы