Кітап жүректі үлкейтетін, жанды тазартатын, сананы көркейтіп, адамның рухани шөлін қандырар қайнар көзі. Ақынды ақын еткен де, жаманды жақсы еткен де кітап. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Үздік оқырман» сайысын  мектеп оқушыларымен ұйымдастырылды. Бұл іс – шараның мақсаты білім алушылардың арасында кітаптың білім таратудағы маңыздылығы мен оны сақтаудың құралы екенін айқындау. Оқушылардың  кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу. Іс-шараға ауданымыздың 4 мектептің 5 сынып арасында ұйымдастырылды.  Сайыс  5 кезеңнен тұрып, қатысушыларымызға әділқазы алқасы төрелік етті. Байқау соңында әр кезең бойынша әділқазы алқасы қорытындылап, оқушыларды марапаттады. Нәтижесінде  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары «Үздік оқырман» атағына ие  болса. Амангелді атындағы орта мектебінің оқушылары «Белсенді оқырман» атағына ие болды. Сонымен қатар Ә.Боранбаев орта мектебінің оқушылары «Жас оқырман» атағына, Б.Қолдасбаев орта мектебінің оқушылары «Зерделі оқырман» атағына ие болды. Әр каманда белсене қатысқандары үшін  сыйлықтар беріліп  марапатталды.                         

        Зарина Амантайқызы.

Қостанай облысы,Аманкелді ауданы

Аудандық орталық балалар кітапхаансының

 Меңгерушісі.