Тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды, халық арасынан талапты, талантты жастарды табу мақсатында Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы 5-ші аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Байқау – қазақстандық жазушылардың прозалық шығармаларынан үзіндіні дауыстап оқу бойынша өтетін сайыс іс-шарасы. Байқау аясында қатысушыларға олардың өздері таңдап алған, мектеп бағдарламасына енбейтін прозалық шығармадан үзіндіні қазақ орыс немесе ағылшын тілінде дауыстап оқу тапсырылған болатын.. Байқау «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында өтеді және Астананың 20 жылдығын мерекелеумен ұштастырылған. Байқаудың алғашқы кезеңіне 13 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі үстауына, сахналық киім сәніне баса назар аударған әділ қазылар алқасы 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ортамектебінен келген Шалжанова Гүлжауһар бірінші оранға иеленіп, 20 сәуір айында Қостанай қаласында өтетін облыстық «Сөз құдіреті» байқауына жолдама алды. 2 орынды құмкешу ауылынан келген Қонысбек Ақгүлім, тасты ауылынан Қабдірашова Молдір иелді. 3орынды үрпек ауылынан келген Еркінқызы Наргызбен Үштоғай ауылынан келген Әбдіғалым Қарақат женіп алды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтар берілді. Жүлделілер қатарынан табылған талабы таудай өнерлі жастың өнері өрге басып, өңірінің абыройын асқақтата берсе екен дейміз.

Зарина Мусабаева

Аманкелді ауданы, аудандық орталық

балалар кітапханасы