Бүгін біздің кітапханамызда үлкен мереке. Неге десеңіздер балаларға арнап кітаптар апталығын өткізіп жатырмыз. Бұл мереке дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Іс-шараның басты мақсаты, балалардың кітапқа деген ынтасын арттыру және кітапты жай ғана оқып қоймай, оны түсініп оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету. Биылғы жылы апталығымызды ауданымыздың «Жұпар», «Балдырған,» «Қаламқас» балабақша бүлдіршіндерімен қызықты өткіздік. Бүлдіршіндерге арналған жаңа кітаптармен, «Ой қазынасы кітапта» атты кітаптар жәрмеңкесі өткізілді. Көрмеде жайма кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалардың ең жақын достарына айналған ертегілер топтамасы орын алады «Дара және оның достары »ертегісінің басты кейіпкері Дара баламен саяхатқа барып, көңіл көтеріп, қуанышқа бөлендік. Бүлдіршіндер қиялдарындағы кейіпкерлермен бір сәтке болса да жақындасты. Сонымен қатар осы мерекеге орай.. Кеште кітаптар жәрмеңкесі аясында ертегі кітаптардың маңыздылығы жайлы мәліметтер айтылып және әр түрлі ойындар ойналып, мерекелік күнде қызықты қойылымдар қойылып, бүлдіршіндермен әр түрлі әдеби, танымдық викторина ойындар, флеш моб биледік, кеш аясында билеп,әндер шырқалды. Келген барлық бүлдіршіндерге тәттілер таратылды.

Зарина Мусабаева

Аманкелді ауданы балалар кітапханасы