«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанай қаласының Л.Толстой облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында 17 мамыр күні Амангелді ОКЖ кітапханалары күні аталып өтті.Ашылу салтанатына Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақов арнайы қатысып,құттықтау сөз сөйлеп,кітапханашыларға сәттілік тіледі.

 

Оқырмандарға  қызмет  көрсету  бөлімінің кітапханашылары Амангелді ауданының  құрылғанына 90 жыл толуына  орай«Туған өлкем-тұнған шежіре » атты суретті-кітап көрмесін таныстырса,  Жасбуын орта мектебінің оқушысы Досымханова Аягөз ауданның 90 жылдығына арнауын тарту етті.Библиография бөлімінің қызметкерлері «Тарихқа толы ұлы өлкем» тақырыбында электронды библиографиялық құралдың тұсауын кесті.

Ұлттық тағамдардан жасалған ашық кітап көрмесіне жиналған қауым қазақтың таңғажайып ,ұмытыла бастаған ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татып көрді.

«Өлмейтін өнерде із қалдырған» атты суретті-кітап көрмесінде театр актеры, жерлесіміз Әнуар Боранбаевтың өмірі,кинодағы ролдері,тұтынған заттары қонақтар назарына ұсынылса,  «Қимаймын сахнаны сағындырған» атты еске алу кешіне актердың жұбайы-Ақбөпе Қармысова,ағасы-Тарғын Әбенов,інісі-Таңат Боранбаев,сыныптасы-Хайролла Хасенов ,жиен қарындасы-Алма Нұрманова қатысып,актердың өмірі,шығармашылығы жайлы естелік айтып берді.Кеш барысында А.Нұрманов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Қонысбек Жанболат жергілікті ақын Серік Жұмабековтың «Актер монологын» оқып, кеш соңында қонақтарға сый-сыяпат жасалып, құрмет көрсетілді.

Түстен кейінгі іс-шара  «Даналық дәнін сепкен-даналар»атты «Бір ел-бір кітап»акциясы аясында Үрпек ауылдық кітапханасының поэтикалық марафонымен жалғасты.Биылғы жылғы таңдалып алынған кітаптар-Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» монологынан  Жаңауыл орта мектебінің оқушылары- Алдоңғарова Айдана,Б.Момышұлының  «Ұщқан ұя» шығармасын-Хайролла Талшын, Шәкәрімнің шығармаларынан   «Анадан алғаш туғанда» әнін Шырайденов Жанболат орындап,көрермен көзайымына айналды.

Бұл оқушылар  балалар кітапханасының  «Жыр-жауһар» мәнерлеп оқу үйірмесінің мүшелері ретінде де өз туындыларынан жыр жолдарын арнады.Сонымен қатар «Шебер қолдар» үйірмесінің жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

«Өнерлі өлке» әдеби-сазды бағдарламасында кітапханашылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп,көрермен қошеметіне бөленді.Тасты ауылдық кітапханасының кітапханашысы өз жүрегін жарып шыққан өлең жолдарын арнаса,жергілікті сазгер Р.Шегенбаевтың сөзіне жазылған  «Батпаққарам» әнін 5 сынып оқушысы Шырайденов Жанболат нақышына келтіре орындап,іс-шараның соңы «Атамекен» хорымен аяқталды.

ОӘҒК директоры Дариха Төребайқызы  кештің жоғары деңгейде,жақсы дайындықпен өткенін айтып,Амангелді аудандық кітапхана ұжымын мақтау қағазымен марапаттады.

 

Амангелді аудандық орталық кітапхананың қызметкері Г.Қалмағанбетова