Үрпек ауылдық округінде 1 желтоқсан тұңгыш Президент куни жыл сайын атап өтіледі.

Биылғы жылы да Тұңғыш Президент күніне орай ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраш Тқрғынбайқызы  Елбасының өмірі мен еңбектері жайында ашық кітап көрмесіне шолу жасады.

Кітап кормесі бірнеше бөлімнен болды. Елбасының балалық шағы, отбасы, қызметке кірісу уақыты, Елбасының еңбектері жайында оқырман қауымға таныстырылды. Көрмеге елбасы өмірбаяны, сыныптасары,Елбасының  әр жиналыстарда сөйлеген сөздері, елге жасаған қызметі жайындағы кітаптар қойылды. Елбасына арналған көрмені  тамашалауға  ауыл әкімшілігі қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Викториналық   ойындар  ойналып,   көрме барысында түрлі сұрақтарға  жауап берген оқырмандар ынталандыру  сыйлықтарына  ие болды. 

 

 

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы:

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы