Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік алақанымызға қонды.

Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. 26 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.

 

Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Айтулы тақырыпқа орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

 

       Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. 

Кітап 4 бөліммен тұрды.

«Қазақ мемлекеттілігінің дамуы» атты бөлімде ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихын баяндайтын қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі алаш қайраткерлерінің саяси күресі туралы әдебиеттер қойылған.

Тұңғыш Президенттің ғибратты ғұмыры, елмен етене өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, мемлекет құру, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл ел жасау жолындағы қасиетті тарихымыз туралы әдебиеттер көрменің «Қазақстанның тарихи белестері» бөлімінде орналастырылған.

   Астананың алғашқы авторы – Тәуелсіздік. Астананың өмірге келуі, Қазақстанның жаңа тарихының ең бір қиын да жарқын сәттерін баяндайтын әдебиеттер «Астана – Тәуелсіздік жемісі» бөлімінде орналасқан.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен бағдарламалық құжаты, альбомдар, мерзімді басылымдар, фото-суреттер қойылды.

 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.!

Зарина Амантайқызы

Амангелді аудандық орталық балалар кітапхансы.

Қостанай обл,Амангелді ауданы