Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.

Бұл  күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік.Тәуелсіздік алып өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылдық .Біз үшін Тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп,тілімізді,дінімізді қайта оралттық.Мемлекетіміздің ұлттық рәміздер қабылданып,ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы келешегі кемел!Осы мақсатта Тәуелсіздік күніне орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Тәуелсіз елім- тұғырың сенің биікте» атты кітап көрмесі өткізілді.Кітап көрмеге мектебіміздің ұстаздары , оқушылары қатысты.Біздің Амантоғай ауылдық кітапханасына тускен көптеген Тәуелсіздік жайлы жаңа кітаптармен танысты.

 

      Ауылымыздың мәдениет үйінде Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік-биік болсын тұғырың» атты әдеби сазды кеш өтті.

 

  Осы өткізген іс-шаралардың негізгі мақсаты жастарды ұлт жандылыққа,қазақ елінің тарихын білуге,ел бірлігін сақтауға,ұлттық құндылықтарды қастерлеуге үйрету.