Ғаламтор-қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. 

Жаңа ақпарат алу, білімімізді толықтыру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. 

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанда ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік.Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. 

Адам психикасына кері әсер етіп,соңы өкінішпен аяқталып жатқан оқиғалар да аз емес.

Амангелді аудандық орталық кітапханасында бүгінгі күні ғаламдық  мәселеге айналған  осы ғаламтор тақырыбына орай Амангелді орта мектебінің 9 сынып оқушылары арасында  «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты әңгіме-диспут өткізіліп, ой-талқыға салынды.

Жас жеткіншектер бос уақыттарын текке жұмсамай бір уақыт  кітапханаға келіп, кітап оқып,рухани жағынан тәрбие алып,сусындап , білімдерін толықтырып отырса  тиімді болмақ.

Амангелді аудандық орталық

кітапхана қызметкері

Г.Қалмағанбетова