Ойыл аудандық орталық кітапханасы аудандағы мәдени мекеменің бірі. Ол «Қызыл отау» негізінде 1927 ж. құрылды. Мұрағат құжаттарына сүйенсек сол кездегі

«Қызыл отау» негізінде 100-ге жуық кітаппен оқырмандарға қызмет көрсеткен. Қазіргі таңда кітапхана 80 жыл оқырманға рухани байлық сыйлап келеді. 1934 жылы Ойыл аудандық кітапханасы болып құрылды. Мақсаты, оқырмандардың  интеллектуалды және рухани дамуын ұйымдастыру және қанағаттандыру, өзін-өзі тану, өз білімін көтеру; кітапхана пайдаланушыларының табысты оқу іс-әрекеті үшін ақпарат беру және кітапханада өткізілетін іс-шаралар арқылы оқырмандардың ойлау шеңберін кеңейту. Кітапхана ісін алғаш жүргізген адамдардың есімдері белгісіз. 1934 жылдан бастап Педогогикалық техникум бітірген маман П.Қалдыбаев меңгерушілік қызмет атқарған, кітап қоры жыл санап молая түскен, түрлі шаралар қолға алынған. Сол жылдардың белгі таңбасын айқындайтын кейбір құнды деректер әлі сақтаулы. Бір деректі алар болсақ, 1936 жылы 31 наурыз күні  РСФСР жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Н.К.Крупская Ойыл аудандық кітапханасын заттай сыйлықпен марапаттау жөніндегі құжатқа қол қойған. Осыған қатысты тағы бір дерек, бұл марапатқа «Ойылдықтар» 27 селолық кітапхананың арасынан ел лайықтысы деп танылған. 1960 жылы мәдениет министірінің арнаулы дипломына ие болған. 1980 жылдары халыққа 26 кітапхана қызмет көрсеткені белгілі. 1980-2008 ж.ж. аудандық кітапхананы Шымкент мәдениет институтын бітірген Б.Тумышева басқарды. Еліміздің өтпелі кезеңінде кітапханалар тоқырауға ұшырып, жұмысын біраз қожыратып алғаны жасырын емес. Біздің аймақта 1997 жылы 12 кітапхана жабылды. Бертін келе, аудан бюджетінің оңалған шағында кітапхана саны қазіргі таңда 19.1999 жылы Республикалық Кітапханашылар съезіне кітапхана директоры Б.Тумышева делегат болып қатысты. 2001 жылы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналып өткізген «Жылдың үздік кітапханасы» облыстық байқауында Ойыл аудандық кітапханасы «Кітапхана жұмысын, кәсіби деңгейінде білу және қызмет көрсету» номинациясы бойынша 1-ші орынды жеңіп алды. 2005 жылдан бастап Ойыл аудандық кітапханасы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» Мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. 2008 жылдан бастап Ойыл аудандық кітапханалар жүйесін Наурызова Ақмарал Бақытқызы басқарады. 2017 жылы Республикалық ІІ кітапханашылар съезіне Наурызова Ақмарал Бақытқызы делегат болып қатысты. Бүгінгі күнде ОҚЖ. Мемлекеттік мекемесінде 2000 оқырман тіркеліп, оларға 39198 дана кітапхана құжаттарын беру ұйымдастырылды. Кітапханаларға оқырмандардың келуі 18992 жетті. Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мемлекеттік мекемесінде

«Оқырмандарға қызмет көрсету»

 «Абонемент»

 «Әдістеме-библиографиялық бөлім»

«Кітап қорын толықтыру және өңдеу» бөлімдері жұмыс жасайды.Кітапхана қызметін –жаңаша түрмен ұсыну, көпшілік мәдени-шараларды ұйымдастырып өткізуде «Ақшағала», «Сұңқар», «Ардагерлер»,  «Денсаулық» қызығушылық клубтарының қызметі ерекше.Ойыл аудандық  кітапханалар жүйесіне қарасты 7 кітапхана

 Берсиев моделді ауылдық кітапханасы-2008ж.;

Көптоғай моделді ауылдық кітапханасы-2013ж.;

Ақжар моделді ауылдық кітапханасы-2014ж.;

Саралжын моделді ауылдық кітапханасы-2015ж.;

Қараой моделді ауылды кітапханасы-2016ж.;

 Сапақкөл моделді ауылдық кітапханасы-2017ж.;

 Екпетал моделді ауылдық кітапханасы-2018ж. қазіргі таңда «Моделді ауылдық кітапханасы» ретінде халыққа қызмет көрсетіп жатыр.   Кітапханалар, оның ішінде ауылдық кітапханалар жүйесін жаңғырту, замануи құрылғылармен жабдықтап, цифрлы жобалар еңгізе отырып халыққа қол жетімді интернет желісін қолдану үшін , кітапханалар жұмысын жақсарту үшін арналған Coworking(коворкинг) орталығы Көптоғай моделді ауылдық кітапханасында 2019 жылы  ашылды.  

Кітапханалық жобалар:

«Тұлғалар мекені» - жергілікті тарихи тұлғалар туралы деректер жинақтау, зерттеу және насихаттауға арналған жоба;

«Жас қалам» - жергілікті жас ақындар туралы мәліметтер жинақтау және насихаттауға арналған жоба;

«Атамның әңгімес» - ел аузындағы тарихи аңыздар және әдеби жырларға арналған жоба;  

«Түнгі кітапхана» - тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған жоба. 

 

Акциялар:

«Оқитын өлке»

«Бір ел-бір кітап»   

 

                                                                                                                

Кітапхана жетістіктері:

 «Ақтөбе – жыр құшағында» облыстық жоба

ІІ орын иегері Әлімжан Базар

«Ізтай оқулары -2018» байқауы

 Серікова Сағыныш - ІІ дәрежелі жүлдегері

“Астана – елімнің жүрегі” облыстық шығармашылық байқауы

ІІІ орын жүлдегері Жанаргүл Болатқызы,

 арнайы жүлде иегері Сисенғалиев Өтеген

Ойыл аудандық орталық кітапхана  -“Ең үздік инсталляциялық көрме” облыстық шығармашылық байқауы, ІІІ дәрежелі диплом

Ойыл аудандық орталық кітапхана - «Кітап әлеміндегі ұтымды ойлар» номинациясы

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ облыстық «Рухани қазына» фестивалі – «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік кітапхана»  диплом          

 Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ облыстық «Рухани қазына 2019»  фестивалі – «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері» номинациясы мен (50 000 теңге) көлемінде сертификат иегері Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Дәуленова Гүлжазира Кеңесқызы      

                                         

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма

сағ 9-00: 18-30

Сенбі: сағ 12-30

Жексенбі - демалыс