Амангелді аудандық  орталық  кітапхананың ұйымдастырумен 31- мамыр Ашаршылық  саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтың жан ауыртар ақиқаты» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып,  оқу залының кітапханашысы Қалмағанбетова  Гүлнұр кең көлемде шолу өткізіп,  сонымен қатар Ғалихан Нұржанұлы Мәулетовтың «Ұмытылмайтын қасірет» атты кітабына бейнеролик жасалып, көпшілік оқырман назарына ұсынылды. Көрменің  мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу. Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Биыл жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарының басталғанына – 79 жыл, Ұлы жұт (ашаршылық) зұлматына - 84 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.