1 маусым күні  Балаларды қорғау  күні мерекесі Үрпек ауылдық   округінде аталып өтті. Жаңа ауыл  орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Айтбаева  Гүлшат  пен  Әбілбаева  Нұргүл   жазғы демалыста  балаларға арналған  лагерьдің ашылуына  байланысты  мерекелік  іс-шара ұйымдастырды. Ауыл  кітапханашысы  Нұржанова  Майраш  Тұрғынбайқызы  балаларды  мерекемен  құттықтап, жазғы демалыста  кітап  оқуға  шақырды. Ағайынды  Балахметовтер «Еркін  елдің  ұланымыз» атты әнмен көпшілік  қошеметіне  бөленді. 2-3 сынып оқушылары флешмоб  билеп,  жас  бүлдіршіндер  түрлі әндер  шырқады. Мереке соңы  көңілді  биге  ұласты. Мүмкіндігі шекетулі  бала  Қошан Айым  келіп, іс-шараға  қатысты. Әлеуметтік  педагог   Смағұлова  Нұргүл   Айымды туған  күнімен  құттықтап,  сыйлық  жасады.

Сонымен қатар  ауыл  балалары  түгелдей  клубқа  жиналып, «Қазақстан   дауысы» жеңімпазы  Шахаризат Сейдахметовпен  кездесу  өткізілді. Кездесу  кешін   мектептің тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары  С.Жұмабеков ұйымдастырды.  11 сынып  оқушылары,  ауыл  халқы  түрлі  сұрақтар  қойып, елге  келген   ауыл  азаматының  тұшымды әңгімесін  тыңдап  риза болысты.
Осы күні  Үрпек  ауылынан  Амангелді   ауданында  өткен  «Түйме  қыз»  байқауына   «Балауса» балабақшасының  түлегі  Байдүйсенбайқызы  Ақбаян   барып  қатысып,  ІІІ-орынға ие болып  қайтты.

  

Үрпек   ауылдық округінің  кітапханашысы
Нұржанова   Майраш Тұрғынбайқызы