Амантоғай модельді кітапхансында «Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз,Туған ел деп соғады жүрегіміз!» атты тақырыптық кеш өткізілді. 

Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын атап өтудің басты мақсаты - мәңгілік ел мұраттарын, қазақстандық патриотизмді насихаттау, өскелең ұрпақты тәуелсіздікті қорғауға тәрбиелеу болып табылады. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан-жақты  пысықтау, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.  Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Кешке Амантоғай орта мектебі жанындағы лагерь оқушылары мен ұстаздары қатысты.