Қостанай қаласында әлемді де, бесікті де тербей жүріп, бүгінде өз саласының майталманы атанған аяулы арулардың арасында «Қанатты әйел – 2017» байқауы өтті

Бірінші кезекте бұл байқауда нәзік жандылардың  өз бойындағы   интеллектуалды білімдері ғана емес, өнерлері мен сұлулық көрсетілімдері сынға түсті. Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған іс – шараға өз қызметінде белгілі бір жетістіктерге жеткен, балаларды тәрбиелеп, мықты отбасын құрған үздік болу құқығына  үміткер  14 өнерпаз қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - іскер әйелдің бір мезгілде кәсіпқой, ұйымдастырушы, басшы және қамқор ана мен адал жар, отбасылық ошақтың сақтаушысы болуын ашу және көрсету арқылы мәртебесен жоғарылату болып табылады.
Байқауға Амангелді ауданының намысын қорғап, өзіндік дербес ізденісі, ойлау қабілеті жоғары, өз мамандығының білімді де іскер, алға қойған мақсатына жете білетін аудандық орталық кітапхана директоры Көркем Амантайқызы Мұсабаева қатысып, жүлделі  ІІ – орынға ие болды.
Көркем Амантайқызын жеңісімен құттықтай отырып, кітапхана ұжымы атынан әрдайым биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

 

Олжағұлов Е.Б
Амангелді аудандық орталық
кітапхана қызметкері