Аманкелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен «Қазақ халқының қаһарман қызы» Кеңес Одағынының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай еске алу кеші өткізілді.

 

Кешке мектеп оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, кең көлемде шолу жасалынды.

Көрменің мақсаты Кеңес Одағының Батыр қызы Мәншүктің өмірбаянымен таныстыру. Олардың ерлігін насихаттау. Туған елге, жерге Отанға деген сүйіспеншілігін ояту. Патриоттық тәрбие беру.