Рухани келісім күніне орай Амангелді аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Иманды болу- парызың» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қостанай қаласы мешітінің жамағаты мен мұғалімдер,оқушылар қатысты.

Іс – шараның мақсаты: Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы – имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт-дәстүр, әдеп-ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып оқушы бойына сіңіре отырып, тілін, дінін сүюге, ата-ананы құрметтеуге, сабырлыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбилеу.