Бала тәрбиесі ең әуелі ата-анадан басталса, сол тәрбиенің бәрін кітаптан алары анық. Баланың өзін-өзі танып, қалыптасуына отбасы болып кітап оқудың маңызы өте зор.

Осы мақсатта Үрпек ауылдық округінде мектеп кітапханашысы Жетпісбаева Жұмагүлсім Балахметқызының ұйымдастырумен «Отбасымның сүйікті кітабы» атты жанұялар арасында сайыс өткізілді. Сайыс барысында кітапханашы жалпы кітап туралы кіріспе сөз сөйледі. Сайысты кішкентай оқырмандар Құсайынова Аяулым және Қылышбаева Тұмар жүргізді. Сайысқа 5 отбасы қатысты. Олар Әлмағанбетовтер, Балахметовтер, Сәлімовтер, Арыстановтар, Рахымбековтар. Сайыс бірнеше кезеңнен болды. «Кітап пен оқушы» жайлы көркем сөзді Темірғалиев Айбол мен Қабижанова Анель оқыды. Әр кезең арасында «Толғау» термешілер үйірмесінің мүшелері Қамбарова Аяна және Балахмет Бекбосын қатысушыларға мерекелік ән шашу арнады. Сайыс барысында қатысушы отбасылар арасынан Күнсұлу Балахметқызы өзінің шығарған жыр жолдарын тарту етті. Кітап сүйер отбасылар өзара сайыста түрлі номинацияларға ие болды.


Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы