Жарты ғасыр бойы өз өмірін киелі өнермен байланыстырып келе жатқан өнер саласының майталманы, өзінің бойындағы табиғи дарыны мен талантын, хас шеберлігін үйлестіре білген , талай биік асулардан көрініп, өнер сүйер жамағаттың ілтипатына бөленіп, көптеген дарынды шәкіртерді тәрбиелумен қатар өнер ұжымдарының қадамына гүл бітіріп, елдің құрметіне бөленген Сапарғали Ахметжановтың 70 жасқа толу мерей тойы Аманкелді ауданында аталып өтілді. Аманкелді аудынының өнер саласына өз үлесін қосқан, сан- саналы шәкірт тәрбиелеген Сапарғали Ахметжановтың шығармашылығы кейінгі ұрпаққа үлгі.Осы орайда Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Талантымен танылған тұлға», және «Елімнің мақтанышына лайықты» атты шығармашылығмен өмір жолына арналған көрме ұйымдасырылды. Көрмеде кітаптар, суретті көрмісімен мерзімді баспа беттері койылып, агамыздың шығармашылығымен жеткен жетістіктері барша оқырман көрермендерге ұсынылып, келген қонақтарға таныстырылды.

Қажырлы еңбек иесін мерейлі тойымен құттықтап, өнердің жолы- нардың жоланда жасаған еңбегіңіздің тек қана жемісін көріп, жарты ғасырлық мерей тойыңыз қуанышты сәттерге ұлассын аға!.

Зарина Мусабаева

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы

Аудандық орталық балалар

Кітапханасының меңгерушісі.