«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы таңдалып алынған қазақ әдебиетінің ірі тұлғалы, аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Сұлтанмахмұт Торайғыров Алаш ұраны.» атты шығармалары бойынша рольді саяхат өттті.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров аз ғұмыр кешсе де, артында мәңгі өлмейтін мол мұра қалдырып үлгерген бір туар ақын. Ардақты ақын сол қысқа ғана ғұмырын қазақ халқының қараңғылықтан арылуына арнап, сол қараңғылықтан өрмелеп шығып күн болуға тырысты.
Әдеби кеш барысында Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушылары ақын шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыды. . Кеш соңында оқырман назарына дәстүрлі кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды. 
Шараның негізгі мақсаты – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқушылардың көркем әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Ақынның шығармалары көкірек сезімімізге сәуле түсіретін жалынымен, асқан талантымен жүрегімізден жылы орын алады.

Зарина Мусабаева

Қостанай облысы, Амангелді ауданды

Балалар кітапханасының меңгерушісі.