Бүгінгі күн жас үрпаққа берер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден- бір руханият ордасы- кітапхананың алар орны ерекше. «Кітапхана- дүниедегі ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі».

«Кітап- білім бұлағы» демекші осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағының оқырмандарға сусындатып, оларға рухани дүниесін молайтып, тағлымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхана оқырмандарына ойын ұшқырлайтын оқырман конференция,поэзия сағаттары, түрлі- танымдық кеште, дауыстап оқулар өткізіліп тұрады. Кітап- біздің рухани байлығымыз, жан азығымыз, құнды мұра кітапты қызыға оқуға оқушыларды бағыттау мақсатында аудандық орталық балалар кітапханасы кітаппен, кітапханамен қарым-қатынас жасаудың қолайлы мезетін жібермеу  үшін аудынымыздың балабақшаларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Көбінесе кітаппен танысу балалық шақтан басталады: ата-ана өз балаларын бояуының ашықтығымен және суреттерімен еліктіріп-тартатын әсерлі де көркем балалар кітапшаларымен таныстырады. Осы орайда Сәбилерді кітап оқуға тарту мақсатында біздің кітапхана ауданымыздың «Жұпар»«Қаламқас», «Балдырған» балабақшаларының бүлдіршіндеріне кітаптар апарлып ертегілер оқылды . Бүлдіршіндер ертегіні шын ықыластарымен тындады. Кеш сонында бүлдіршіндерге ата-аналарымен кітапханаға келіп, оқу үшін өздеріне ұнаған кітапты үйлеріне алуға болатындары жөнінде ұсыныс айтылды.

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы

аудандық орталық балалар кітапханасысының

кітапханашысы Исмайлова Таншолпан.