Алты алаш қазақ үшін Мұхтар- екінші «Абай –дария, мен сол дариядан шөмішпен қалқып қана алдым». Бұл –Мұхтар Омарханұлының өз сөзі.Сауатын Абаймен ашқан жазушы өзінің рухани нәрін Абайдан алды. Бүгінгі танда Мұхтар Әуезов шығармаларына деген оқырмандардың қызығушылығы ерекше. Аудандық орталық балалар кітапханасы Мұхтар Әуезовтың -120жылдық мерей тойына  орай «Көксерек » повесі бойынша» Көксерек - табиғаттың тағы перзенті» атты.

оқырмандар конференциясы өтті.  Жазушының «Көксерек » әңгімесіндегі «күшік асырап ит еткен» Көксеректің Құрмашқа деген  тағылық әрекетін көзге жас алмай оқу мүмкін емес. Әжесі зарлағандай «Бауырына  салып  асырағанынан басқа не жазып еді?!» деген өкініш қалды. Ойлаймын да, «қасқырдың баласын қанша асырасаң да, тауға қарап ұлиды» деген сөздің астарын  көрермендерге ұқтырған Б. Қолдасбаев орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен ұстаздары Князова Қызғалдақ қазақ әдебиет пән мұғалімі  қатысып, көрермендерге   «Көксерек »  шығармасындағы көтерілген мәселелерге тоқталып өтті.  Сонымен бірге көксерек әңгімесіндегі табиғат тылсымдары,табиғаттын болмысы әңгіме етілді.

Қарадыр қасқырлар мекені. Тағылар тіргігі.

Байланысты- Адамдар тағдыры. Қаталдық.

Дамуы- бөлтіріктің Көксерек  атануы. Онаң адамдардан көрген зәбірі.

Шарықтау шегі- Көксерек   және Құрмаш . сәбидің таза көңілі, мейірімі.

Шиеленісуі- Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы, тағылардың тығылық істері.

Шешімі- Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.

Міне осындай мәселелер  талқылауға салынды. Кешке ауданымыздың барлық 10 сынып оқушылары  ат салысып, өз пікірлерін ортаға салды. 

М. Әуезоватың «Көксерек» әңгімесі арқылы жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесін танып отырмыз және касқыр табиғат емшісі екені айтылды.

 Сонымен , қатар қазақ әдебиетіндегі м. Әуезовтын  шығармаларымен  танысқын келсе аудандық орталық балалар кітапханасының оқырманы болуға шықырамыз.     

                  Зарина Мусабаева

                         Қостанай облысы,Аманкелді ауданы

                                    аудандық орталық балалар 

                                   кітапханасының меңгерушісі.