Бағдаршам -  өмірімізді  апаттан сақтандыратын  көмекшіміз, оның  сырын біліп  алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам - жол  элементтерінің  ішінде  ең ерте  пайдаланыла  бастаған. Ең алғаш  рет  темір жол бойында  пайда болды. Оны  ойлап тапқан көше қиылысына  ыңғайлап  қайта жасаған  ағылшын инженер- механигі Д.Найт болатын. Осы тақырыпқа орай  аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бағдаршам менің сенімді досым» атты  танымды сабағын ауданымыздың «Жұпар»,«Балдырған» балабақшаларында  өткізілді.

Бұл іс - шараның мақсаты:  балаларға  бағдаршам  жайлы сөздік қорын  байыту.  Жолда жүру  ережелерін  қызыл, сары, жасыл түстерді ажырата  білуге үйрету. Сонымен қатар, "Жол ережесі туралы не білеміз?" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Балаларға бүгінгі біздің ұйымдастырылған  іс - әрекетіміздің ерекшелігін  байқау үшін  жұмбақтар жасырылып, жауабын тапқан бүлдіршіндерге  сыйлықтар берілді."Бағдаршам әрқашан бізбен бірге" атты слайд көгілдір экраннан көрсетілді. Кеш соңы «Біздің бағдаршам» атты ойын ойнатылып, бимен аякталды. Іс-шара өте қызықты, тартымды өтті. Біздің  қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы  енгізілген. Бұл  ережені  оқушылар ,үлкендер ,барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері  бұлжытпай  орындауы  керек. Жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді. Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!

Исмайлова Таңшолпан

Қостанай облысы,  Амангелді ауданы

Аудандық орталық балалар

Кітапханасының қызметкері.