Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Осы,мерекеге орай аудандық орталық балалар кітапханасы мектеп оқушыларымен «Жүрек бояуларымен сурет саламыз» атты сурет салу сабағын ұйымдастырды . Іс-шара 2 - бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлім «Жүрек бояуларымен сурет саламыз» атты еркін тақырыптан болса, 2- бөлім «Шын жүректен» атты тақырыбында өтті. Оқушылар жүректі лебіздерін қағазға жазу арқылы, алғыстарын оқып, стендке ілді.
Іс-шара өте қызықты да, көңілді өтті. Оқушылар бір - біріне алғыстарын білдіріп жатты.
Қатысушылар,кітапхана меңгерушісінің :
-Жылы сөз,қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар – деген тілегімен тарқасты.
Қостанай облысы,Амангелді ауданы
Аудандық орталық балалар кітапханасының
Кітапханашысы Исмайлова Таншолпан
|