Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық  талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың  алатын орны ерекше.

Қазақстанда кітапхана ісінің  дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын  беттері болып табылады. Мәселен, біздің  №114 орта мектеп кітапханасында 12000 – ның үстінде кітап қоры жинақталған.

 Уақыт  талабына байланысты кітапхана ісіне, қоғамдық кітап пен ақпарат хабарларға деген өскелең  талаптарға сай кітапхана өз жұмысын атқаруда.

Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып,  ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуде тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

Осы айтулы тақырыпқа орай яғни 2 сәуір халық аралық кітаптар күніне орай аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Үздік оқырман» сайысы өткізілді. Бұл сайысқа ауданымыздың 4 мектептін  оқушылары  қатысып, өздерінің білімдерің ортаға салды. Бұл іс шараның мақсаты; ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу. Кітапхананың үздік оқырманың анықтау.  2017 жылғы. Кітапхана уздік оқырманы атағына ие болған. Озінің біліділігін, жақсы көрсете білген Ы.Алтынсарин атындағы 5 сыпып оқушысы Қадірова Ақбота иеленді. Ақбота жалпы өз сөзінде бос уақытымды кітапханаға жие келгенді адетке айналдырғанын айта кетті. Сонымен қатар озге оқушыларды да кітап оқуға шақырыды.

Кеш соңы барлық қатысқан оқушыларға  сыйлықтар беріліп марапатталды. 

Исмайлова Таншолпан

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы

Аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы.