Биылғы жылы біздің елімізде Астана қаласында халықаралық  ЕХРО -2017 көрмесінің ашылу салтанатына орай аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен   «Болашақ Энергия»  атты тасқа сурет салу сайысы өтті.

Оқушылар ЭКСПО көрмесін өз көзқарастарымен тасқа түсіріп, баяндап берді.  Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Ә.Боранбаев орта мектебінен келген Ерлібек Дидар, 2 -орын –Даулет Әзиза, Махат Динара, 3-орынды Хамитов Ануар, Алмағамбетова Айасыл иеленді. Қатысқан  оқушылар марапатталып, сыйлықтар берілді.  Сонымен қатар «Көрменің ашылуына дайынбыз» атты флеш-моб ұымдастырылды. Астанадағы көрменің басталуына бірнеше сағаттар қалды. Бүкіл әлем Қазақстан топырағында өтетін тарихи шараның салтанатты ашылуының куәсі болады. Халықаралық  EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Экспо-2017» тақырыбындағы іс-шаралар әрі қарай да өз жалғасын таппақ.

       Зарина Мусабаева

                                         Қостанай облысы, Амангелді ауданы

Балалар кітапхананасының меңгерушісі.