Амангелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана жұмыстары: жаңаша бағыттар, жаңаша көзқарас» атты аудандық зерделі кеңес болып өтті.

Мақсаты: Ауылдық кітапханашылардың кітапханалық қызмет көрсету сапасын жақсарту, дамыту, сондай-ақ жұмыс барысына инновациялық технологияларды енгізу. Кітапхана бөлімшелерін негізгі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.

Іс-шараға аудандық және ауылдық кітапханашылар қатысты.

Кітапхана директоры К.Мусабаева алғысөзімен бастап, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

Ақпараттық–библиографиялық бөлім өз жұмыстарымен, жоспарларымен таныстырса, аудандық кітапхана қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырған іс-шараларын көпшілік назарына ұсынды.