Ұлттың рухани көсемі

Қазақ халқының біртуар ұлы, көрнекті қоғам қайраткері, көсемсөз шебері, ірі ғалым, түрколог, аудармашы, ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай  Амангелді аудандық орталық кітапханасында «Ұлттың рухани көсемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға кітапхана қызметкерлері мен Боранбаева Тұрсын Жұмағалиқызы жетекшілік етіп отырған  «Амангелді ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» ұжымы қатысып, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен қатар, көптеген тың деректермен де таныса отырып, пікір алмасты.

Ұлт ұстазына арнап дайындалған кітап көрмесіне қойылған әдеби шығармалары, ғылыми еңбектері мен баспасөз беттеріне шыққан материалдарға шолу жасалынды.

А.Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұлан-ғайыр еңбегі әр саладан көрінеді. Мәселен, ол, ең бірінші. қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған қоғам қайраткері, сонымен қатар қазақ музыка өнеріне де терең көңіл бөлген ғалым.

Ахмет тағылымын бір сәт қана оқып-білуге болмайды, оны жылдар бойы оқып, үйреніп отыру керек. Қазақ халқына жасаған барлық еңбегі, тартқан азабы мен көрген қорлығы, қасықтай қаны қалғанша қызмет еткен ұлы тұлғаның өмірі келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Г.Қалмағанбетова

View the embedded image gallery online at:
https://aman-kitaphana.kz/kz/abonement.html#sigFreeId5fcab27625