Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы

 

Амангелді аудандық орталық кітапханасында қазақ елінің ең басты мемлекеттік мерекесі, ұлттың ұлы күні – Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Мүшәйраның мақсаты – өскелең ұрпаққа тәуелсіздік ұғымын насихаттай отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін қадір тұтып құрметтеу, дарынды жастардың бойындағы ақындық, суырыпсалмалық қасиеттерін насихаттап, елге таныту.

Мүшәйраға аудан және ауылдық округтерден 13-15 жас аралығындағы оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Мүшәйра екі бөлімнен тұрды. 1-ші бөлімде әр қатысушы тәуелсіздік тақырыбындағы өз шығармасын оқыса, 2-ші бөлімде әділ-қазылар тарапынан берілген тақырыптарға сай бір шумақ өлең шығарып оқып, суырыпсалмалық қырынан танылды.

Нәтижесінде өзгелерден оза шауып, дараланған Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Қабдыхамитов Ерназ Бас жүлдені иеленсе, 1-орынды Спандиярова Аружан (Жалдама ауылы) мен Мұса Ақерке (Құмкешу ауылы), 2-орынды Амангелді орта мектебінің оқушысы Жамбыл Мақсат пен Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы Қадыр Ақбота, 3-орынды Әбдіғалым Қарақат (Үштоғай ауылы) және Аблахат Алмас (Тасты ауылы), қалған қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Тәуелсіздік – кез-келген халық үшін өте қадірлі ұғым. Азаттықты ғасырлар бойы аңсаған халқымыздың асыл арманы орындалған күн. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

 

 

Г.Қалмағанбетова

Амангелді аудандық

орталық кітапхана қызметкері

 

 

.

 

 

  

 


 

Рухани келісім-бірлік пен тұрақтылық кепілі

 

18 қазан-Халықаралық  рухани келісім күні. Бұл күн елімізде 1992 жылдың 18 қазанынан бері аталып келеді және Қазақстандағы маңызды күндердің бірі болып саналады.

Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Пейіліміздің кеңдігімен бірге, ынтымақты бірлігіміздің арқасында 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Осы айтулы күнге орай Амангелді аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен  «Рухани келісім-бірлік пен тұрақтылық  кепілі» атты кездесу кеші болып өтті.

Кешке асыл дініміз-ислам дінінің қадір-қасиеті жайлы, адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру,  ауызбіршілік, татулық, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды бойларына сіңдіру, т.б. тақырыптар төңірегінде  Сатыпалды ишан мешітінің бас имамы - Әмірхамзин  Жандарбек қажы Мүбаракұлы  келіп, оқырмандарға тағылымды ғибрат сөздермен ой бөлісті. Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жастардың бойына Отансүйгіштік, ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу сияқты құндылықтардың негізі –ислам дінінде жатқандығын түсіндіріп өтті.

Ислам дініміз бар жерде рухани келісім де, бірлік те, тұрақтылық та болады. Біз өз тілімізді, дінімізді құрметтейік. Рухани мәдениеттілік бар жерде елдің тұтастығы да берік болмақ.

Қалмағанбетова Г.

Амангелді аудандық орталық 

кітапхана қызметкері 

 

 

 

 


 

Абонемент

 

Кітапханашы: Әміржанова Молдир Есенгалиевна

Кітапханашы: Қалмағанбетова Гүлнұр Қайырғалиқызы

 

Бөлімнің кітап қорында 22347 дана, оның ішінде қазақ тілінде 15729 дана кітап бар. Әдебиеттер білім саласы бойынша жинақталған. Жыл ішінде 1888 оқырманға 35820 дана кітап берілімімен қамтылды. Келушілер саны 14261.

 

Сонымен бірге бөлім қызметкерлері жоғары сынып, мектеп оқушыларына, Жасөспірімдерге, қызметкерлер мен мамандарға, ардагерлерге қызмет көрсетеді. Оқырмандардың сұраныстарын толық қанағаттандырып, олардың рухани дамуына ықпал етеді. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді. Үнемі насихаттап, кітап көрмелері, мәдени шаралар ұйымдастырылады. Бөлімде әр түрлі тақырыптарға арналған кітап көрмелері, жерлес ақын жазушыларға арналған тұрақты сөрелер ұйымдастырылған. «Кездесу кештер» қызығушылық клубы жұмыс жасайды.