Аманкелді аудандық орталық балалар кітапхансының ұйымдасыруымен «Кітап – ақылшың, әрі досың» – атты іс-шарамыз, «Қаламқас» балабақшасының бүлдіршіндерімен әлемдік халықтар ертегілер әлеміне саяхат жасау ретінде өтілді.

Іс-шараның мақсаты: ертегі арқылы балаларымызды адамгершілікке, мейірімділікке, адалдық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Кешіміз  балаларға танымдық, көңілді ойындар көрсетіп жақсы көңіл күйдегі әсер қалдырды.

Барлығымыз бірігіп топқа бөлініп, қызықты ойындар ойнадық, оған тек балалар ғана емес тіпті ересек жастағы оқырмандарымыз қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты..

Балалар өздерінің қиялдарына қарай таңғажайып ертегі әлемін өздерінше құрастырып, бір-бірлерімен бөлісті. Олардың қуаныштарында шек болмады. Балақайлармен өткізген уақытымыз көзді ашып жұмғанша тез зымырап өтті.

Осындай, жақсы көңіл күйде жалғасқан іс-шарамыз өз мәресіне жетіп, айтарлықтай ойдағыдай өтті.

Қостанай облысы,Аманкелді ауданы

Аманкелді аудандық орталық балалар 

кітапханасы.