« Асқақ әнім,Астана! » атты XXXII облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің аудандық байқауы аясында Амангелді аудандық орталық кітапханасы ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай «Туған өлкем-тұнған шежіре» атты кең көлемде суретті-кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты- өскелең ұрпақтың туған өлкесі жайында білімін жетілдіру,туған елінің ,жерінің тарихын зерттеуге және патриоттық тәрбиеге баулу.

Көрмеге ауданның құрылғанынан бастап,өсіп-өркендеп, осы күнге жетуіне өз үлестерін қосып, тер төккен ,әр салада қызмет істеп,еңбек еткен ел азаматтары , мәдениет , спорт , білім , медицина ,т .б. салаларда еңбек еткен тұлғалардың өмірбаяндары, сонымен қатар кітапхана қорындағы ел тарихы,туған жер туралы жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары топтастырылған.

Кітап көрмесінің ашылуына облыстың, ауданның мекеме, кәсіпорын, ұйым басшылары қатысты. Көрме алдағы уақытта да жалғасын табады.