Амангелді аудандық орталық кітапхананың оқу залында ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты кең көлемде тұрақты  суретті – кітап көрмесіне  Ә. Боранбаев орта мектебінің оқушыларына арналған саяхат ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың туған өлкесі жайында білімін жетілдіру, туған елінің , жерінің тарихын зерттеуге және патриоттық тәрбиеге баулу.

Көрмеге ауданның құрылғанынан бастап, өсіп-өркендеп, осы күнге жетуіне өз үлестерін қосып, тер төккен, әр салада қызмет жасаған ел азаматтары, мәдениет, спорт, білім, медицина, т.б. салаларда еңбек еткен тұлғалардың өмірбаяндары, сонымен қатар кітапхана қорындағы ел тарихы, туған жер туралы жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары топтастырылған.