12 ақпан күні Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасына аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин және Ә.Борынбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептерінің  оқушылары аудандық балалар кітапханасына «Кітап білім бұлағы» айдарымен кітапханаға саяхат жасады. Оқушылар кітапхананың қыр-сырын танып, кітапхана қорымен танысып, жаңа әдебиеттерді тамашалады. Балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Амантайқызы  жалпы кітапхана шаңырағында өтетін іс-шаралардың мақсаты мен міндеттерін оқушыларға  түсіндіріп өтті.