Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын «Туған жер» жобасы аясында ауданымыздың  құрылғанына  90 жыл толуына орай аудандық орталық балалар кітапхананың ұйымдастыруымен  «Өңірі-нұрлы, өмірі сырлы, құт мекен» атты  әдеби сазды кеш   өткізілді.

Кешке ауданымыздың 4 мектеп оқушыларымен мектеп мұғалімдері қатысты. Кеш шымылдығы туған жер тақырыбына арнап жазған мектеп оқушыларының жатқа мәнерлеп орындауларында өлке тарихынан сыр шертетін өз шығармашылықтарын   жыр шумақтарымен ашылып, «Дархан дала-Аманкелді» атты бейнефильм мен слайд көрсетілімі ұсынылды. Кеш барысында ауданымыздың көркейіп, гүлденуіне орасан зор үлесін қосқан азаматтарға арналған «Туған өлкем- тұнған шежіре» атты кең көлемде суретті- кітап көрмесін аудандық орталық кітапхана қызметкері Бірмағанбетова Жансая көрмені таныстыру барысында сөз алып, тоқырау кезіндегі аудан азаматтарының жақсы игі істері туралы оқушыларға мол мағұлматтар беріп, жастарға ауданымыздың тарихын танып білуге шақырды. Кешке жақсы өтуіне  үлес қосқан  Ы.Алтынсарин орта мектебінің 3 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Гүлмира Кеңесқызы ат салысты. Кеш барысы әсем әнмен жалғасты.

 

 

 

Зарина Мусабаева

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы

аудандық орталық балалар кітапханасының

меңгерушісі.