Наурыз айының 14- жұлдызында аудандық Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде Торғай топырағынан шыққан өнер иелерінің ішіндегі шоқтығы биік жұлдызы Әнуар Боранбаевтың туғанына 70-жыл толуына орай еске алу кеші ұйымдастырылды.

Атаулы іс-шараға Амангелді аудандық орталық кітапханасы «Өлмейтін өнерде із қалдырған» атты суретті-кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрме үш бөлімнен жасақталды.

Алғашқы бөлім-Сахна саңлағы деп аталды,бұл бөлімде Әнуар ағамыздың өмір деректері және фильмографиясы,яғни кино өнерінде ойнаған рөльдері жайында мағлұматтар қамтылды.

«Бейнең мәңгі жүректе» атты бөлімінде Әнуар ағамыздың отбасы, туған-туыстары,дос-жарандары жайында фотосуреттер жинақталса,«Өмірінің жарқын белестері» атты бөлімінде актёрдің театр сахнасында,кинодағы жарқын сәттері бейнеленді.Сонымен қатар,кітап көрмеге Әнуар жайлы естеліктер,әдебиеттер тізімі,күнтізбе және «Гауhартас» фильмінің бейнетаспасы,ол кісі жайлы деректер қойылды.

Кітапхана қызметкерлері жиналған жұртшылыққа көрмені кеңінен таныстырып,әңгіме-шолу өткізді.

Зарина Мусабаева.

Амангелді аудандық орталық кітапхана