Жақында Л.Толстой атындағы ОӘҒ кітапханада "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Аманкелді ауданының кітапханалары күні өтті. Аудан ұжымы арнайы мәдени бағдарлама дайындап әкелген.

Сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жалғасқан шараны көруге меймандар аз жиналған жоқ. Ашылу рәсімін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов құттықтау лебізімен ашып берді. Одан әрі ауданның 90 жылдығына негізделген іс-шаралар тізбегі басталып кетті. "Туған өлкем – тұнған шежірем" суретті кітап көрмесі назарға ұсынылды. "Тарихқа толы ұлы өлкем" тақырыбындағы элетронды-библиографиялық құралдың тұсаукесері өтті. Мұнан соң ұлттық тағамдар көрмесі жайылып, көрермендерге дәм тартылды. Әйгілі әртіс Әнуар Боранбаевтің 70 жылдығы да қаперден шығарылмаған. "Өлмейтін өнерде із қалдырған" көрмесі тұлға туралы сыр шертеді. Мұны конференция залында "Қимаймын сахнаны сағындырған" атты еске алу кеші сабақтады. "Бір ел – бір кітап" акциясы аясындағы поэтикалық марафон, мәнерлеп оқу, әдеби-сазды бағдарламалар мәдени шараны қорытындылады.