Кітап оқығанды жақсы көретін адам бақытты. Ол ақылды да мейрімді сенімді достардың ортасынды. Ең үлкен досың – кітап. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап жан айнасы, оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзеуге болады. Оған қарап оғаш мінезіңді, ерсі қылығыңды көріп түзейсің. Айналаңдағы адамдарға адал мейріммен қарауға үйренесің. Кейде жаңсақ, жаңылыс басқан қадамдарың болса оны оп-оңай аңғарасың, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйренуші.

 

Амангелді ауданды орталық балалар кітапханасы жазғы оқу оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында Байғабыл ауылының А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің мектеп жанындағы «Жайдары жаз» жазғы демалыс лагерінің  оқушылары келді. Кітапханаға саяхат , жаңадан келген оқырмандарға ұйымдастырылды. Кітапхананың құндылығы, ерекшелігі, пайдасы , білімге апарар жол екендігі, кітап дүниежүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылатынын кітапханашылар айтып өтті. Шара барысында, кітапханаға экскурсия жасалып,оқырман қауымға кітапхана тарихы, көрмелермен,  кітапхана меңгерушісі Зарина Амантайқызы кітаптың шығу тарихынан мәлімет берсе, оқушылар өздері оқыған кітаптары жайлы әңгімелеп, ой–пікірлерін айтты. Оқырмандар «Кітап жазған адамды қалай атайды?», «Кітап қандай мағынаны білдіреді?», «Кітапханаға үнемі барып оқитын адамды кім дейміз?» осы сынды сұрақтар қойылып, жауап берілді. Келген оқырмандармен қызықты саяхат жасалып, көнілді тарасты.

 

                                                                     Зарина Амантайқызы.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы

Аудандық орталық балалар кітапханасы