Қазақ елі бүгінде демократиялық зайырлы, құықтық мемлекет құру жолында көптеген тамаша жетістіктерге жетіп отыр. Осының бәрі Ата Заңымыз Конституцияның арқасында. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықаралық  референдумда қабылданып, бүгінге дейін ел игілігіне мүлтіксіз қызмет етіп келе жатқан Конституциямыз ең үлкен жетістігіміз деп бағаласақ артық емес.

Қазақстан Конституциясында ең басты қазына- адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі тайға таңба басқандай жазылған. Қазақстан халықтарының қалыпты өмір сүріп, қорғанысы мықты, өзгелермен достық қатынастағы мемлекет болып қалыптасуына Конституциямыз кепілдік береді.

Заңды салауатты білген адам әділетті, парасатты, турашыл батыл болса, заңды білмеген адам жасқаншақ, екі жүзді қорқақ болады. Сол үшін әрбір адам өз құқығы мен міндеттерін біліп алып өзіне есеп беретін толық заңгер болуы қажет. Ата заң бізге қызмет етеді. Біз елге қызмет етуге тиіспіз.

Үрпек ауылдық округінде 30 тамыз күні ауыл клубында «Арманы асқақ –Ата Заң» атты мерекелік жиын өткізілді. Жиынға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, оқушылар қатысты.  Мемлекеттік әнұранымыз асқақтата шырқалды. Ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлығұлұлы қатысушыларды мерекемен құттықтады. Ауылдың қоғамдық және абаттандыру жұмыстарына белсене араласқан аурухана қызметкері Есентаев Бақытжан, «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушы Төлеубаева Айдана,  спорт әдіскері Оралбаев Бекзат ауыл әкімінің мерекедегі марапатына ие болды.  Ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы Ата Заң туралы суретті кітап көрмесіне шолу жасады. Жиын соңы мәдениет жанашыры Байкенов Жанкелді және клуб меңгерушісі Жұмағанбетова Айгүлдің дайындаған мерекелік  концертіне ұласты.  Концертке Жанкелді қызы Жәния, ағайынды Балахметовтер, Хайролла Талшын, Едгин Бекзат қатысып ауыл халқына мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы