Амангелді аудандық орталық кітапханасының  ұйымдастыруымен ауданымыздың 4 мектеп  оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Қазақстанның Халық Қаһарманы, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Жауынгер жазушы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті. 

"Жау тылындағы бала" повесі– Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі. Оқушылар повесті басынан аяғына дейін мазмұның айтып, сол жылдардағы соғыс кездегі  қиындықты, жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін баяндеп берді.  Сонымен қатар Б. Қолдасбаев орта мектебінің  кітапханашысы Бикенова Орынбасар апай оқушыларға Қасым Қайсенов адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ең жойқын соғыста жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен еңіреген ер, екендігін  айтып өтті. Конференция қызықты тағылымға мол  өтті.

Зарна Амантайқызы.

Қостанай облысы, Амангелді ауданды

Аудандық орталық балалар кітапханасы