«Амангелді ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «2018 жылдың өткізілген жұмыстарына талдау және кітапхана іс-құжаттарына койылатын талаптар» тақырыбындағы зерделі кеңес өткізілді.

2018 жылдың қазан айының 25 күні кітапханшылардың қатысуымен 2018 жылдың қорытынды семинарды кітапхана директоры Көркем Амантайқызының «Елбасы Н.Назарбаев «Болашақ – білімді ұрпақ қолында» деп атап көрсеткеніндей, мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан кітапхана – оқырмандарды білім нәрімен сусындатқан рухани қазына орталығы. Еліміздің тағдыры өсіп келе жатқан ұрпақтың біліктілігі мен білімділігіне байланысты десек, кітапхана – заман талабына сай білім мен ғылымның, шығармашылық және мәдени дамудың, ақпараттық жетістіктерін насихаттауда  ел  игілігіне өлшеусіз үлес  қосып келе жатқан  мәдениет ордасы. Қазіргі уақытта еліміздегі басты рухани құндылықтарды айқындайтын, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХI ғасыр биігіне көтеретін, сонымен қатар ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасы кітапхана саласына да көптеген жаңа міндеттер артты. Сол себепті, рухани жаңғыру мен кітапхананың жұмысы бір бағытта өрбиді десек болады» деген өзімен бастау алып, барлық кітапханашыларды өткен жылдың сәтті аяқтағандығы айта отырып, алдағы жылдың жоспарларымен, өткен жылдың жұмыс көрсеткіші мен іс-шаралар тұрғысында тоқталып, 2018 жылға жоспарланып отырған семинарлар мен бағдарламаларды таныстарды. Биылғы жылы Руханти жаңғыру бағдарламасы аясында Кітапханада іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі Қостанай қаласында өткізілген Амангелді аудандық кітапхана жүйесінің «Кітапхана күні», Амангелді адынының 90 жылдығына арналған «Туған өлкем-тұнған шежіре» атты суретті кітап көрмеміз, Файзолла Сатыбалдыұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Көкірегім - алтын көмбе» атты  кітабының тысаукесері өткізілді. Библиограф кітапханашыларға библиографиялық жұмыстар туралы, түрлері туралы айтты.  Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы кітапханашылар жұмысының кемшіліктері мен жетістіктерін айтты. Сонымен қатар Қосжан, Ақсай, Қоғалыкөл ауылдық кітапханасының кітапханашылары 2018 жылғы өткізген жұмыстарына қорытынды жасап, өткізілген іс-шараларына баяндама оқыды және презентация түрінде көрсетілді.