Жылдағы дәстүр бойынша өтетін«Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында таңдалып алынған шығармалардың бірі-жазушы Немат Келімбетовтың  «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологы бойынша  Амангелді аудандық орталық кітапханасында оқырмандар конференциясы болып өтті.

Акцияның мақсаты-жастарды адамгершілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу,ана тілін құрметтеуге,отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру

Бұл хикаятта ауыр науқасқа шалдығып,көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы,қайсарлығы,адамгершілігі,мөлдір махаббаты сөз болады.

Ой-талқыға Б.Қолдасбаев орта мектебінен-Искакова Фируза,Сайлауова Көркем, Қойшанова Фатима,Бейсенбаев Ерасыл сынды оқушылар белсене  атсалысып, шығармадағы кейіпкер-Ержан, оның жары-Гауһар,т.б.  кейіпкерлер жайлы өте жақсы талқылап, ой қорытты.Ұстаздары Амина Тасжанқызы да өз кезегінде бұл шығарманың оқырманға айтар ойы жайлы, осы өмірді бағалай білу сияқты қасиеттер жайлы айтып өтті.Оқушыларына бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатып жүрген осындай ұстаздарға алғыс айтқымыз келеді,

Кеш барысында «Өмірге құштар қайсар жан» атты кітап көрмесі жасалып, Немат Келімбетовтың жазған ғылыми еңбектері,оқулықтары, аудармалары жайында айтылып,шолу жасалды ,бейнеролик көрсетілді.

Кітапты .оқи отырып, дәл қазіргі ойнап-күліп ,жақындарымызбен емен-жарқын араласып жүрген күндеріміз үлкен бақыт екенін түсінеміз.Өмірді бағалай білу, еңбек ету сияқты құндылықтарды осы кітаптан үйренуге болады.

Амангелді аудандық орталық кітапхана қызметкері

 Г. Қалмағанбетова