Теңгеміз арқылы біз дербес ел екенімізді сезіндік. Өйткені бұл Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Көк туымыз сияқты бағалы, аса құнды елдік нышандарымыздың бірі екені анық. Өзінің төл ақшасы бар мемлекет қана өзге елдермен тең дәрежеде болатыны анық. 

Теңгемізді ұлықтау – бұл елдігімізді ұлықтаумен пара-пар нәрсе. Бір сөзбен айтқанда төл теңгеміз – Тәуелсіздік тірегі. 

– Мемлекеттік туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамызбен қатар, Тәуелсіздіктің ең басты белгілерінің бірі – мемлекеттің төл валютасының болуы. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның өз валютасы – теңге айналымға енгізіліп, үлкен тарихи қадам жасалды. Ол экономика тоқырап, өндірістер жабылған, тіпті қарапайым адамдардың жалақысына дейін сыртқы факторларға тәуелді болған аса күрделі кезең еді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз уақыт сынынан сүрінбей өтті. Ал төл теңгеміз тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды.

Ұлттық валютамызға 25 жыл. Теңге - жалған ақша жасаушыларға қарсы тұра алатын әлемдегі ең қауіпсіз банкнот. Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйене отырып, доллардың қауіпсіздігін күшейткен. Ширек ғасырда төл валютамыздың негізгі кескіні 2 мәрте өзгерді. Теңгенің айналымға енген күніне орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы кітап көрмесін жасақталып, оқырмандарға  шолу жасалды. Сонымен қатар «Жұпар» балабақшасының бүлдіршіндеріне жүрмелі көрме жасақталып, шолу жасалып, көп мағлұматтар берілді. Көрменеі  мақсаты: жастарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ажырамас атрибуты ретінде теңгенің тарихы, өзгеруі мен түрленуі жайында және ұлттық ақша айналымы жөнінде ақпарат беру. 
Қатысушы жастар арасында валюталық қарым-қатынастарды нығайтудағы теңгенің қызметі, тарихы, қолданыстағы маңызы сынды мәселелер талқылады.

Зарина Амантайқызы
Қостанай облысы ,Амангелді ауданы

Аудандық орталық балалар кітапханасы