Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. 1 Желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы ««Мәңгілік Еліміздің бағдары-Елбасымыз бастаған Нұрлы жол» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке  ауданымыздың 4 мектебінің 6 сынып оқушылары атсалысты.  Кеш барысында кітапханашылар  қатысушыларға Елбасымыздың өмір жолы мен еңбектеріне тоқталып, Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтитын «Балалық шағымның аспаны»атты фильмнен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар аталған шараға «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» атты кітап көрмесі   ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылып, шолу жасалды.  Кітапхана меңгерушісі Зарина Амантайқызы көрмедегі қойылған Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянына, ол кісі жайлы жазылған кітаптарға және Елбасының еңбектеріне тоқталып, оқушыларға  таныстырып өтті.

Зарина Амантайқызы

Қостанай облысы, Амангелді ауданы