Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз! 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі деп бағалаймыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Аманкелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты әдеби – сазды кеш ұйымдастырылды.

Кешіміздің мақсаты 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.Кеш басында Амангелді орта мектебінің оқушысы Есетова Ғанибет « Қазағым» әнін және 6 «а» сыныбының оқушылары  Тәуелсіздікке арналған жыр жолдарын мәнерлеп оқыды. Желтоқсан оқиғасынан қойылым көрсетіліп, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары желтоқсан оқиғасының кейіпкерлерін тамаша сомдады.. Бейсембек Аймереке «Атамекен» әнін орындады. Сонымен қатар «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты кітап көрмесі ұсынылып шолу жасалды. Кешке Ы.Алтынсарин  мен Аманкелді орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары белсене қатысып, кеш соңында естелік суреттерге түсіп, жақсы тілектер тілеп тарасты. 

М. Әміржанова

Амангелді аудандық орталық

кітапхана қызметкері.