Амангелді аудандық орталық кітапханасында табиғатты қорғау мақсатында «Табиғатты аялайық!» атты танымдық сайыс өткізілді.

Кеш мақсаты-жас ұрпақ бойына қоршаған ортаға деген махаббатты ояту,шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;табиғатты қорғауға,ізгілікке тәрбиелеу.

Сайысқа Амангелді орта мектебінің 6 « а» сынып оқушылары(Ұстаздары-Қабылдина Нұргүл) «Жер» және «Су» тобына бөлініп қатысып, бақтарын сынады.

«Сергіту сәті» бөлімінде сайыскерлер мен қатысушылар ойын ойнап, дене қимылын жасап алып,сайысқа кірісті.

Сайыс шарты бойынша сайыскерлер берілген сұрақтарға жауап берді, іс-қимыл арқылы жасырылған сөздерді тапты,адасқан әріптерден мақал құрастырды.

«Табиғатқа қамқорлық »атты бөлімде «Жер» тобы гүл сауытқа топырақ  салса, «Су» тобы гүлге су құйып,кітапханаға өз қолдарымен отырғызылған гүл ретінде сыйға  тартты.

Сайыс нәтижесі бойынша «Жер ». тобы ұпай санымен алға шығып, жеңімпаз атанып, марапатталды

Кеш соңында қатысқан сайыскерлерге  сый –сыяпат жасалып, естелік суреттерге түсті

Аудандық  орталық кітапхана қызметкері

Г.Қалмағанбетова