Қазақтың ұлттық ойындарының бірі тоғызқұмалақ.Тоғызқұмалақ әлемдік мәдениеттің озық үлгілерінен бой теңестіре алатын рухани ойын,логикалық ойлау өнері.

Оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды.Қазақтың ұлттық ойындары ерлік,өжеттік,батылдық,шапшандық қасиеттерімен қатар,әділдік пен адамгершіліктің жоғары ұстанымдарына негізделген. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері,тоғызқұмалақ ойыны да жылдан жылға дамып келеді. Ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктері бар. Амантоғай ауылдық кітапханасында рухани жаңғыру тақырыбына «Қазақтың ұлттық ойыны «тоғызқұмалақ сайысы" өткізілді.

Осы іс –шараның өткізу мақсаты:

1)    Жас ұрпақты ұлттық қадір-қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу,денені шынықтыруға,есте сақтау,ойлау белсенділігін дамыту

2)    Тоғызқұмалақ ойыны ойнауды,қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету.

 

Сайысқа Амантоғай орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кітапханада тоғызқұмалақ ойындарын ойнай отырып,сонымен қатар « Қазақ ұлттық ойындары» кітаптарын оқып,зерделеп,тоғызқұмалақ ойынын шығу тарихымен танысты. Осы сайысқа Амантоғай орта мектебінің «тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі Сейтқали Дархан оқушыларға ойын ережесін және әдіс тәсілдерін түсіндірді.

Тоғызқұмалақ сайысында  ерекше көзге түскен оқушылар: Құрманов Е., Елубайқызы А., Таңатова А.,Иқсан Т.,Айтенова Т., Дүйсенбаева Ж., Сапарғали Ш., Тортаев Е. Олардың асуы әлі алда деп ойлаймын.Ендеше жас ұрпақтың тұғыры мықты болып,дұрыс бағытта жетіле беруіне ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоса бермек.

 

 

Амантоғай ауылының кітапханашысы:                Қойжігітова А.Т.

 

.