Биылғы жылға ауылдық кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында келушілерге жарнама жасады. Ауыл кітапханашысы зиялы қауым мектеп ұжымына, балаларға арналған бірнеше бөлімнен тұратын, кітапханаға келіп түскен түрлі әдебиеттерге және балаларға арналған ертегі кітаптарға шолу жасалды.


Ауыл кітапханасынан үнемі кітап оқуды үрдіске айналдырған оқырмандар ауыл зейнеткерлері  Ереубай Таңатқан, Ташкеев Жаңбырбай ата мектеп мұғалімдері Байкенов Жанкелді, Ізтілеуов Сәбит кітапхананың тұрақты оқырмандары. Ауылдық кітапхана желтоқсан, қаңтар айларында жүздің сыртында жаңа әдебиеттермен толықты.

Дене тәрбесі пәнінің  мұғалімі Қасымов Әлім  Қасым Қайсеновтың «Жау тылында» атты кітабын алып оқыды. География пәнінің мұғалімі көп жылдан бергі кітапхананың тұрақты оқырманы Ермағанбетов Мәлікзада ағай оқымаған кітап жоқ деуге болады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Ізтілеуов Сәбит Д.Әшімханұлының  шығармасынан 1 томын оқуға алды. Балаларға арналған кітапты ең кішкентай оқырман Тельманқызы Кәусар «Балықшы мен оның әйелі » атты ертегіні алып оқыды.

 

 

 

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы