Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына-30 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде өткізілген кеште орталық кітапхана «Ауғанның отты жылдары» атты суретті –кітап көрмесін ұйымдастырды.  


Кітап көрмесінеАуған соғысы тақырыбында жазылған еңбектер,, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар топтастырылып, келген қонақтарға таныстырылды.

Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тастай алмайтын бұл соғыс қаншама отбасына зардабын тигізді.

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгінгі күні  ел көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп–құрметтеу–біздің борышымыз.

 

Амангелді аудандық орталық
кітапхана қызметкері Г.Қалмағанбетова