2019 жылы 20ақпан күні Байғабыл ауылдық мәдениет үйінде кітапханашының ұйымдастырумен Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақаласы аясында.
Ұлттық ойындардан: Асық ойынын алып оқырмандар арасында іс-шара өткізілді.Іс шараға А.Нұрманов атындағы 2-сынып оқушылары қатысты.


Мақсатымыз;Рухани жаңғырудың жарқын жолы ;Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жанғырту.
Оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту,жас ұрпақ санасына ,туған халқына деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін ұялату,ұлттық рухты сіңіру.Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай,өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыздың ойындары тек балаларды алдандыру ,ойнату әдісі деп қарамай ,олардың мінез –құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағаланған. Қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес ,ол-спорт,Ол-өнер,Ол –шаруашылық  тәжірбие маңызы бар тәрбие құралы.Балалар ойынын ойнап,өздерінің білетіндерін ортаға салды.Асық атыу ойынынан жеңіске Төлеген Жанболат -10 асық ұтып шебер ойыншы екенін дәлелдеді.Батыржан Асетұлы 8-асық ұттып,Мұратәли Раман7-асық,ал Ерланұлы Ердос 5-асық ұтып алды.Кеш соңында балаларға асық ойыны сұрақтарын қойды,балалар өз ойларын нақты жауаптарын берді жәнеде оқушылар ойларына тоқығндарынан тұжаырымды жауап берді.

 

 

Байғабыл ауылдық кітапханашы                                        Биргалиева .З.С.